Құр қалыппын сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


Сұлу қыз анадайдан сылаңдайды,
Теңімен ойнап-күліп, бұраңдайды.
Адамзат бәрі ғашық, бәрі құмар,
Аһ ұрып, оны көрмей тұра алмайды.
Ептілер ебін тауып, жақындапты,
Болуға ең сүйгені жақын қапты.
He қылсын өзінің қолы жеткеннен соң,
Меңіреуді мен сықылды шақырмапты.
Білмеппін дәнеңесін сырт халықтың,
Сөз қатпай, таң атса да, құр жатыппын.
Ойламай, көз жүгіртпей, меңіреу басым,
Жанаспай, жақын жүрмей, құр қалыппын.
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Құр қалыппын, Кур калыппын сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016