Қараңғы, дауылды түн сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


Қараңғы, дауылды түн cap далада,
Патшалық құрған өлім айналада.
Шыраққа қолымдағы от тұтаттым,
Үмітпен біразырақ деп: «Жана ма?»
Тұрса да қара бұлттар көктен төніп,
Соқса да жел жынданып, өршеленіп,
Мың шүкір, әлсіз қолда әлсіз шырақ
Жылтырап жанған боп тұр, қалмай сөніп.
Бұйырса, шырақ сөнбес, ұзақ жанар,
Жарығы болмаса да жан таң қалар.
( Риялы - арабша: сөз бен істің қабыспауы, екіжүзділік.)
Сәулелі аспанда алтын, күміс нұрлы
Айбынды Күн мен Айға дәл парапар.
Менсінбес жөпшеңдіні көп маңғаздар,
Тең таппай, кекеп, мұқар сансыз паңдар.
Қайрылып қарамасын - «қап!» демеймін,
Табылар шыраққа көз салар жандар.
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Қараңғы, дауылды түн, Карангы, дауылды тун сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016