Қаламыма сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


...Енді, бетім, елді көр еңбек емген,
Басында бағы жанып, күнде күлген,
Қомданып, қас қырандай қаруланып,
Алыста орағытқан жауға төнген.
Осы бетім - ақ ниетім елге ере алсам,
Гүлденген өмірге үндес жыр бере алсам,
Социалды Отанды қанмен қорғап,
Керек болса, кезінде жан бере алсам.
Осы бетім - ақ ниетім, келдім бастап,
Жанымнан бар жараны сылып тастап.
Еңбекші ел, ашуы - ұшан, мейірімі мол,
Жанымды тартты саған жалаңаштап.
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Қаламыма, Каламыма сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016