Ауру сөзі

Мағжан Жұмабаев

0
0

Бөлісу:


«Дәрігер, дәрі, бақсы!»- деп,
Алмаңдаршы мазаны.
«Тірліктен өлім жақсы!»- деп,
Сұраймын өзім қазаны.
Дене ауырса, дұрыс-ақ,
Дәрігер, бақсы ем қылар.
Жан ауырса, ойлап бақ,
Жанға емді кім қылар?
Уланды жүрек, жан күйед,
Ішім толған қызыл шоқ.
He себептен, Тәңірі ие,
Денеге ем бар, жанға - жоқ?!
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Ауру, Ауру сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016