Ата, бата сөзі

Мағжан Жұмабаев

2
0

Бөлісу:


Мектептен (қайтты) Марияш,
Әліппесі қолында.
Шақырады оны атасы:
«Кел, құлыным, кел мұнда».
Марияш:
«Ата, ата!»- дегенде,
Атасы:
«Кұлыным ата дейді ғой!»
Марияш:
«Бата, бата!»- дегенде,
Атасы:
«Құлыным бата дейді ғой!
Бата десең, қарт атаң
Айналсын сендей ботасын!
Оқы, құлыным, әлім бол,
Атаң берді батасын!».
Мағжан Жұмабаев, Магжан Жумабаев, Ата, бата, Ата, бата сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016