Сүйдім сені сөзі

М. Жүнісов

Сүйдім сені

0
0

Бөлісу:


Сүйдім сені бар жаныммен беріліп,
Сүйдім-ау сені көз жасыммен егіліп.
Сүйдім сені таңғы самал жел болып,
Сүйдім сені тамшы болып егіліп.


Сүйдім сені күнін күткен аспандай,
Сүйдім-ау сені толқын күткен тастардай.
Сүйдім бұлттай, мең-зең болып, сіресіп,
Тұрып қалған көздерінен жас тамбай.


Сүйдім сені жаңбыр күткен даладай,
Сүйдім-ау сені ұлын күткен анадай.
Ертешлі-кеш көк теңізге телміріп,
Сүйдім-ау сені ойға батқан жағадай.

М. Жүнісов
М. Жүнісов, М. Жунисов, Сүйдім сені, Суйдим сени сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015