Елге тілек сөзі

Лесбек Ербосынұлы

2018

0
0

Бөлісу:



Жайнай берші елім,жоқ ғой сенің теңің
Той көріңдер бәрің,үлкен кіші кәрің
Қуанышқа толсын әрбір атқан таңың
Керек тұтсын достар өмір түрлі заңын

Бақытты ғой жастар тойдың жырын бастар
Түсінісіп жолдар аман сау жүрсін достар
Бұрымы ұзын қыздар жүрек көріп сыздар
Бабалардың жолын жалғай тұғын біз бар

Нұрлы болсын жолдар ,халық дұрыс қолдар
Өмір болсын сәтті, ұл мен қызың тәтті
Бағың кетпей бастан ашық болсын аспан
Мәңгілік біз елміз жазылсын жыр мен дастан

Ата анаңмен бауыр қымбат барі саған
Күндей күліп халық болсын күндей заман
Ақиқатты жақта ел сенімін ақта
Заманыңнан қалма салт дәстүрді сақта
Лесбек Ербосынұлы, Лесбек Ербосынулы, Елге тілек, Елге тилек mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

15.08.2018
Қолданушылар