Шіркін-ай сөзі

KZ Тобы

Шіркін-ай

0
0

Бөлісу:


Шалқар теңіз, шалқып жатқан айдынын-ай
Сол айдында бірге жүзген ай-күнім -ай
Баұыт кемеміз-ай, қалқып келеміз-ай
 
Шіркін-ай, арман-ай
Бірге жүрген қызық күндерім-ай
Шіркін-ай, арман-ай
Сеніменен өткен күндерім — ай
 
Ашық аспан аясында нұрландық-ай
Махаббаттың кемесінде ырғалдық-ай
Сайран саяхатта, қайран махаббатты-ай
 
Шіркін-ай, арман-ай
Бірге жүрген қызық күндерім-ай
Шіркін-ай, арман-ай
Бірге жүзген тұнық көлдерім-ай
 
(Арман-ай), арманым-ай
(Жалған-ай) 
(Шіркін-ай), шіркін-ай
(Кездер-ай) 
 
Міндің бе махаббат кемесіне
Шықтың ба желкеннің өресіне
Айдында сағымға орандың ба?
Сол сәтте бақытты болдың ба
Көрікті көктемнің кешінде де
Күндердің көк белі төсінде де
Білекті білекке айқастырып
Еркелей күлгенің есіңде ме?
 
Сайран махаббат-ай
Қайран махаббат-ай
 
Шіркін-ай, арман-ай
Бірге жүрген қызық күндерім-ай
Шіркін-ай, арман-ай
Бірге жүзген тұнық көлдерім-ай
 
Шіркін-ай, арман-ай
Бірге жүрген қызық күндерім-ай
Шіркін-ай, арман-ай
Сеніменен өткен күндерім-ай

KZ Тобы, KZ Тобы, Шіркін-ай, Ширкин-ай mp3 жүктеу, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

20.10.2015
Бейнеклип
KZ Тобы
Шіркін-ай