Бөлісу:



Айналайын ақ үрпек балапаным
Сен арқылы бойға нұр таратамын
Сен бар болсаң қасымда болды маған
Кең әлемді өзіңе қаратамын

[Қайырмасы]
Тұсауыңды кестіріп күн нұрына
Шомылдырдым айдынның тұнығына
Табиғаттың ең қызық қуанышы-ау
Татымайды бір сенің қылығыңа


Құлыншағым қуатым қуанышым
Көңілімнің көктемі жұбанышым
Ұмытамын бәрінде сені көрсем
Тәп-тәтті боп осынша туармысың

[Қайырмасы]
Тұсауыңды кестіріп күн нұрына
Шомылдырдым айдынның тұнығына
Табиғаттың ең қызық қуанышы-ау
Татымайды бір сенің қылығыңа


Тәй тәй басқан бөпешім
Томпандаған көкешім
Аллам өзі жар болсын
Кішкентай балғын кеудеңе
Күмбір күмбір күй толсын
Тәй тәй басқан бөпешім
Томпандаған көкешім

Құлыншағым құлпырып жүгіресін
Қылығынмен қуантып күлдіресін
Қайда жүрсен аман бол балапаным
Кеңейте бер Қазақтың керегесін


[Қайырмасы]
Тұсауыңды кестіріп күн нұрына
Шомылдырдым айдынның тұнығына
Табиғаттың ең қызық қуанышы-ау
Татымайды бір сенің қылығыңа

Тұсауыңды кестіріп күн нұрына
Шомылдырдым айдынның тұнығына
Табиғаттың ең қызық қуанышы-ау
Татымайды бір сенің қылығыңа

Қыдырәлі Болманов & Қайрат Нұртас & Қайрат Баекенов, Кыдырали Болманов & Кайрат Нуртас & Кайрат Баекенов, Ақ үрпек балапаным, Ак урпек балапаным mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Anonymous

12 Қараша 2016

Өте керемет маған қатты ұнады айтып отырып баламды уйыктатым

Admin

Сөзін қосқан

11.11.2016