Бөлісу:



Жаным неге сүйемін деп сыр ақтарасың
Ғашық болсаң маған қалай шыдап бағасың
Арбаймын деп артық кетпе абайла ботам
Мені ұнатсам жылап қаласың

Қайырмасы
Байқа байқа көп қалаймын байқа
Мен ұнатсам егерде тоқтамаймын қайда
Байқа байқа аңсап кеттің байқа
Байқа байқа деп шаршап кеттім айта

Жай ұнату алданыш қой есірген ол шын
Жалғандықпен жалғанса кешім не болсын
Мені сүйсең ақыл естен тандырып қоям
Осы сөзім есіңде болсын

Қайырмасы
Байқа байқа көп қалаймын байқа
Мен ұнатсам егерде тоқтамаймын қайда
Байқа байқа аңсап кеттің байқа
Байқа байқа деп шаршап кеттім айта

Сезім кілтін менен сұрап қайтесің
Жақындамай жүрсең жырақ көкешім
Ескертемін жүрегіме үңіле берме
Терең құлап кетесің

Қайырмасы
Байқа байқа көп қалаймын байқа
Мен ұнатсам егерде тоқтамаймын қайда
Байқа байқа аңсап кеттің байқа
Байқа байқа деп шаршап кеттім айта




Құрышбек Асылбек, Ердос Қанаев, Курышбек Асылбек, Ердос Канаев, Байқа, Байка mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

10.04.2018
Қолданушылар