Құрманбай Бағдат Кентау (0) сөзі

Кентау сөзі

Құрманбай Бағдат

Кентау

0
0

Бөлісу:


-1-
Қаратау шатқалынан,
Байлығың ақтарылған.
Күтемін, күтемін ырысымды,
Арайлы ақ таңымнан.
Көшелер түрленгенде,
Көркейіп гүлденгенде.
Сағыныш басылады,
Өзіңді бір көргенде.

Қ-сы:  Кентау – асыл қала,
Кентау -  жасыл қала.
Қаратау тәжі боп,
Тұрған дара.

-2-
Айналып келбетіңнен,
Бағыңда тербетілгем.
Қаланы, қаланы нақ өзіңдей,
Таппаймын жер бетінен,
Құлпырып нұрланасың,
Жүректен жырланасың.
Шырайлы Оңтүстікте,
Әдемі гүл қаласың.

Қ-сы:  Кентау – асыл қала,
Кентау -  жасыл қала.
Қаратау тәжі боп,
Тұрған дара

-3-
Бір сенсің аңсағаным,
Көркіңе тамсанамын.
Туған жер, туған жер айналайын,
Өзің деп ән саламын.
Жасарып қалғандаймын,
Туысты құшарымда.
Күн түні армандаймын,
Жүрсем деп құшағыңда






GM

Сөзін қосқан

22.01.2016
Бейнеклип
Құрманбай Бағдат
Кентау