Әңгімесін естісең сөзі

Құлыншақ Кемелұлы

0
0

Бөлісу:


Әңгімесін естісең,
Жаһаннан асқан ұлама.
Қылған ісін байқасаң,
Батқандай белден күнәға.
Күндіз сопы болса да,
Бұзылар көңілі қонаға.
Арызға келген әйелден
Сұрайды шеттеп шола да.
Бұрынғыдан қалған сөз:
«Айтқанын қыл молданың,
Қылғанына жолама».
Құлыншақ Кемелұлы, Кулыншак Кемелулы, Әңгімесін естісең, Ангимесин естисен сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016