Күркелінің бауыры күнде дауыл сөзі

Көтеш ақын

0
0

Бөлісу:


Күркелінің бауыры күнде дауыл,
Көтеш қалды жұртында жалғыз ауыл.
Ауырып жатқан көңілімді бір сұрамай,
Шын Сексеннің баласы қара бауыр.
Бір жанымның қамы үшін жүрдім саяқ,
Не қыламын бұл малды жаннан аяп.
Ауырып жатқан күнімде бір қайрылмай,
Ет дегенде қалмапты тайлы-таяқ.
Арғы атамды сұрасаң
Сексен жұмла, Райымбек
Сексеннен туған ұл ма?!
Райымбекті сен де еш қоя алмайсың,
Райымбек би болса, Рай құл ма?!
Көтеш ақын, Котеш акын, Күркелінің бауыры күнде дауыл, Куркелинин бауыры кунде дауыл сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016