Қартайғанда қатының дұшпан болды сөзі

Көтеш ақын

0
0

Бөлісу:


1
Қартайғанда қатының дұшпан болды,
Баласымен бірігіп қысқан болды.
Келін деген бір дұшпан тағы шығып,
Біреуі іштен, біреуі тыстан болды.
Қартайғанда қатының қазба дейді,
Келін менен балаға жазба дейді.
Ат болса, айғыр болса, солар мініп,
Шолақ байтал қақбасқа аз ба дейді.
«Бала, бала!» деуменен мазалымыз,
Баладан болар білем ажалымыз.
Баламызға жалынсақ жан сақтар ек,
Келін деген даяр түр тажалымыз!

2
Кәрілік, жылы-жұмсақ ас жарай ма,
Қазы, қарта, жал, жая, бас жарай ма?
Кәрілік, мұның бәрін жақтырмайсың,
Үйген топырақ, қалаған тас жарай ма?!
Алдымнан алты пұшық анталады,
Тілге келмей біреуі балталады.
Осы аурудан, сірә, жан қалмас білем,
Балтасы тиген жері қанталады.
Япыр-ай, бұл не деген ел боларсың,
Не малдан, не перзенттен кем боларсың.
Қарап жүрген Көтешке тиемін деп,
Баласына Құлболдының жем боларсың.
Көтеш ақын, Котеш акын, Қартайғанда қатының дұшпан болды, Картайганда катынын душпан болды сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016