Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар сөзі

Көтеш ақын

0
0

Бөлісу:


Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар,
Су ішуге сол қақты құлан жақтар.
Атадан алтау, жетеу туғанменен,
Соның ішінде біреуі-ақ сүтін ақтар.
Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз,
Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз.
Ата тілін алмаған арам ұлды
Аузы түкті кәпірден кем демеңіз.
Ай қараңғы, күн бұлт, түн демеңіз,
Біреу жарлы, біреу бай, күндемеңіз.
Ата тілін сыйлаған адал ұлды
Хат оқыған молдадан кем демеңіз.
Балаңа ұрса берме таз болса да,
Малыңды сол бағады аз да болса.
Жұмыскер есіктегі тынышы кетер,
Қожайын түрде отырған қазба болса.
Көтеш ақын, Котеш акын, Арқа ойылдың құба жөн түсер қақтар, Арка ойылдын куба жон тусер кактар сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016