Мойынқұмда сөзі

Қоңыр тобы

Мойынқұмда

3
0

Бөлісу:


Мойынқұмда ел жайлауы,
Ел жайлауы көк шалғын.
Хан тауы мен Жамбыл тауы –
Кең жайлауы достардың.
 
Қайырмасы:
Мойынқұмда,
Мойынқұмда,
Мойынқұмда жайлауым.
Достарымның дидары,
Жайдары, жайдары,
Ей... Ару  қыздар,
Ару қыздар,
Сұлу қыздар – сырласым,
Өздеріңді құрбың жырласын!
 
Қалалардай сәулеті бар,
Қарабөгет, Талғабай,
Ағыл-тегіл дәулеті бар,
Шудың бойы малға бай.
 
Қайырмасы.
 
Жыр алыбы – Алатаудан
Елдің даңқын шарлатты.
Ерлері көп ер атанған
Жазылбектей ардақты.
 
Қайырмасы.
 
 
Қоңыр тобы, Коныр тобы, Мойынқұмда, Мойынкумда сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Бекжан Камзе

26 Сәуір 2018

GM

Сөзін қосқан

30.10.2015