Ақ тамақ сөзі

Қоңыр тобы

Ақ тамақ

0
0

Бөлісу:


Сенен сұлу, Ақтамақ, жан өтпейді-ай, 
Ақылың асқан дариядай көз жетпейді, Ақтамақ. 
Шыға келсең жалт етіп бұлт астынан-ай, 
Қайран болмай көрген жан бір кетпейді, Ақтамақ. 
 
Айдың көлдің еркесі, 
Ерке өскен-ай, Ақтамақ. 
Гүл бақшада сайраған, 
Бұлбұлымсың-ай, Ақтамақ. 
 
Оқтан ұшқыр жарқ етсе қара көзің, 
Қорғасындай балқытар айтқан сөзің, Ақтамақ. 
Сымға тартқан күмістей нәзік белің, 
Сәтті күні жаралған жансың өзің, Ақтамақ. 
 
Айдың көлдің еркесі, 
Ерке өскен-ай, Ақтамақ. 
Гүл бақшада сайраған, 
Бұлбұлымсың-ай, Ақтамақ.
Қоңыр тобы, Коныр тобы, Ақ тамақ, Ак тамак сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

20.10.2015