Ризамын сөзі

КешYou

Ризамын

8
1

Бөлісу:



Бар жанында сан арман рухы биік қандай,
Ел бағына жаралған жігіттер нардай.
Әр парызы өтелген,
Көк байрағын көтерген,
Серттерінен таймай.
Сынақтан еш сескенбеген,
Ұран еткен батыр бабасын.
Дұшпанға да дес бермеген,
Жан аямай қорғап даласын.
Тұлғалары биік таудан,
Ата жолын ұстап қалған,
Жұлдыз болып көкте жанған.
Қайырмасы
Азат елімнің тарландарына ризамын мен,
Дархан даламның арландарына ризамын мен.
Айбарларын көргенде. сенім оты сөнбес.
Ризамын мен ерлерге намыстарын бермес.
 
Ар жолынан жаңылмас, ерліктері ғажап.
Ол ешкімге бағынбас жүрегі азат.
Тең келетін шыңдармен,
Дәл осындай ұлдармен мақтанады қазақ.
Тұлпардай боп таң атырған,
Ұлы елде туған ұландар.
“Алашым”, - деп аласұрған,
Алтын қанат біздің қырандар.
Болмас кезі бағы ұшқан,
Алда келген сан жарыстан,
Әрқайсысы бір арыстан.
Қайырмасы
кешyou, кешью, keshyou, Ризамын, Ризамын mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

ақгүл

19 Сәуір 2016

супер

вйнур

26 Сәуір 2016

керемет

вйнур

26 Сәуір 2016

супер молодцы

Аружан Калкоз

10 Мамыр 2016

супер керемет

Қонақ

04 Шілде 2016

оте керемет

Қонақ

04 Шілде 2016

керемет

Ердо Жумабай

30 Қазан 2016

супер

Аяла.

01 Қантар 2017

маған бұл өлең қатты ұнайды?

Асыл

01 Мамыр 2018

өте керемет

GM

Сөзін қосқан

15.10.2015
Бейнеклип
КешYou
Ризамын