КешYou Келші айым (2019) mp3 жүктеу тыңдау, сөзі

Келші айым сөзі

КешYou

2019

6
0

Бөлісу:



Көрікті көл беті
Көк елес көлбеді
Мен тұрмын жағада жабырқау
Ай нұры арайлы
Айдынға тарайды
Сүйіктім келер ме, япырмау?

Айдын көл, сен айтшы
Самал жел, сен айтшы
Жарыма құс болып ұшайын
Бір хабар берші, айым
Жақындап келші, айым
Лапылдап мәңгі құшайын

Айым боп қалқыдың
Қайың боп балқыдың
Қызықты көктемнің кешінде
Жарасты үніміз
Жарасты жырымыз
Тербелдік айдын көл төсінде

Ай ару сен айтшы
Айдын көл, сен айтшы
Ақ қайың ақерке сен айтшы
Құс болып ұшайын
Бір хабар берші, айым
Лапылдап мәңгі құшайын

Гүлім боп аңқыдың
Нұрым боп шалқыдың
Өртеді тәнімді от лебің
Бақытты шақтарда
Жақұтты бақтарда
Өзіңмен бірге көктедім

Ай ару сен айтшы
Айдын көл, сен айтшы
Ақ қайың ақерке сен айтшы
Құс болып ұшайын
Бір хабар берші, айым
Лапылдап мәңгі құшайын
Құс болып ұшайын
Бір хабар берші, айым
Лапылдап мәңгі құшайын






Пікірлер

Saken

06 Наурыз 2019

Осы өлең керемет!!!!!

Майра Абиш

17 Наурыз 2019

Көп рахмет осы өлеңді бірге айтып қызымды ұйықтатамын керемет

Admin

Сөзін түзеткен

04.03.2019
Қолданушылар