Сөзі
Домбыра тастамаймын қайда барсам
Жараспаймын жаныма байланбасаң
Тізгінсіз ат мінгендей қамшысы жоқ
Ербеңдеп екі қолым әнге салсам
Самал қағып сыңғырлап шертілгендей
Дүбірді естіп боз тарлан желпінгендей
Күмбірлеп қоңыр үнің естілгенде
Көнілдің қара бұлты серпілгендей
Үнің бірдей ән салсам үнімменен
Тілің бірдей сайрайды тілімменен
Өлгенде бірге қой деп айтар едім
Қызым бар тартатұғын ұлымменен
Қайырмасы:
Ой, үркай дүние-ай
Қызық-ау, а-а-а-а, ой домбырай
Кенен әні
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).