Мен енді саған сөзі

Қажымұрат Шешенқұл , Аршын Жолдасхан

2018

2
0

Бөлісу:



Мен енді саған хабарласпаймын
Елігім еркем маралым
Телмиртіп жолға алаңдатпаймын
Мөлдір бота жанарың

Қайырмасы
Ұйқымды бөліп сағына алмаймын
Лаулаған арман отымау
Жалынып сөніп жалына алмаймын
Жалғанда бес күн осынау
Қоштасар сəттің əніне арнаймын
Толқындай əсем тотымау

Мен енді саған сыр ашпаймын
Жалғыздық күйін кешемін
Жүректі сен деп жылатпаймын
Айналып бұлтқа көшемін

Қайырмасы
Ұйқымды бөліп сағына алмаймын
Лаулаған арман отымау
Жалынып сөніп жалына алмаймын
Жалғанда бес күн осынау
Қоштасар сəттің əніне арнаймын
Толқындай əсем тотымау

Мен енді сені еркелетпеймін
Кездерімді іздеп сағынған
Болады бəрі ертелі кеш мейлі
Маңдайға солай жазылған

Қайырмасы
Ұйқымды бөліп сағына алмаймын
Лаулаған арман отымау
Жалынып сөніп жалына алмаймын
Жалғанда бес күн осынау
Қоштасар сəттің əніне арнаймын
Толқындай əсем тотымау

Қажымұрат Шешенқұл, Аршын Жолдасхан, Кажымурат Шешенкул, Аршын Жолдасхан, Мен енді саған, Мен енди саган mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

03.07.2018
Қолданушылар