Сенің алма бағыңа... сөзі

Қасым Аманжолов

0
0

Бөлісу:


Сенің алма бағыңа
Шыбық шаншып кетіп ем.
Алдағы өмір бағына
Соны белгі етіп ем.
Келдім қайтып майданнан,
Таптым іздеп сені алғаш.
Сол шыбықтан жайқалған
Өсіпті бір алма ағаш.
Тұр жайқалып бағыңда,
Қызығамын, тамсанам.
Өзің де бұл шағыңда
Кем емессің дәл сонан.
Неткен жақсы жер еді
Жас шыбығым жайқалған!
Бір сөз айтқым келеді,
Тіл жетпейді, айта алман.
Қасым Аманжолов, Касым Аманжолов, Сенің алма бағыңа..., Сенин алма багына... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016