Мен табиғат бөбегі сөзі

Қасым Аманжолов

0
0

Бөлісу:


Мен табиғат бөбегі,
Еркін жанмын еркемін;
Аузымда жастық өлеңі,
Еркелеп күйім шертемін.

Жарқ-жұрқ етіп жүруді
Нажағайдан үйренгем,
Шадыман шат боп күлуді
Күн мен айдан үйренгем.

Тәкаппарлық, ерлікті
Асқар таудан үйренгем;
Мен бір жанмын ерікті,
Жарысып желмен жүгірген.

Ашу, қайғы дегенді
Қара бұлттан үйрендім;
Өз еркімше сілтемей
Қашан ғана имендім?!
Қасым Аманжолов, Касым Аманжолов, Мен табиғат бөбегі, Мен табигат бобеги сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016