Бөлісу:


Қабағын түйіп құз тас тұр
Төңірегіне парық caп.
Шыңында шулап құстар жүр
Айнала ұшып шарықтап.
Кеудесі жалын қара бұлт
Келеді төніп аспаннан.
Алып қүз тас сұп-сұрғылт,
Жамылып шапан - боз тұман.
Шық моншақтап - шапшып тер,
Сорғалайд жасы жүзінде...
Сол құзды көр де - мені көр
Ойға бір шомған кезімде.

1944.
Қасым Аманжолов, Касым Аманжолов, Құз, Куз сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016