Күндей шалқып күлгенің сөзі

Қасым Аманжолов

0
0

Бөлісу:


Күндей шалқып күлгенің —
Шаттығыңның нұры ғой;
Шат боп өмір сүргенің
Заманыңның сыры ғой.

Сенің нұрлы жүзіңнен
Көрем бақытты өмірді;
Сенің әрбір сөзіңнен
Күй естілер көңілді.

Сол себепті мен саған
Ғашықтайын құмартам,
Жүрегімнен, жамымнан
Жыр жазамын, сыр айтам.

Күндей шалқып күле бер,
Ақ маңдайлы алма жүз,
Саған сірә тең келер
Жер жаһанда бар ма қыз!
Қасым Аманжолов, Касым Аманжолов, Күндей шалқып күлгенің, Кундей шалкып кулгенин сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016