Қарағанды сөзі

Қасым Аманжолов

0
0

Бөлісу:


Бір жер бар Қазақстан даласында,
Құрбыжан, апарайын, барасың ба?
Арқаға Алатаудан ақиықтай
Бір ұшсам, болат топшым, таласың ба!
Ол жердің тоңы алтын, түгі торқа,
Қанша алсаң, қазынасы түспес орта.
Өшпейтін өміріңе от береді
Жігіті Қарағанды, салсаң қолқа.
Қарашы Қарағанды күмбезіне,
Бойлаған мұнарасы күн көзіне.
Құрбыжан, қасиетті ол бір қазына,
Қуантып, тартпас, сірә, кімді өзіне?!
Қасым Аманжолов, Касым Аманжолов, Қарағанды, Караганды сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016