Балқаш сөзі

Қасым Аманжолов

0
0

Бөлісу:


Көргенімде сені алғаш,
Көл едің бір жап-жалаңаш.
Келдім тағы, койныңды аш,
Ұлы Балқаш, нұрлы Балқаш.
Өзгеріпсің таңғажайып,
Құшағынды еркін жайып.
Сәулетті үй, сәнді сарай,
Көз тойғысыз қарай-қарай.
Сені мұнша кім өзгерткен,
Елін қалай тез ер жеткен?!
Ұлы Балқаш, ойлы Балқаш,
Туған жерге нұрыңды шаш.

1948.
Қасым Аманжолов, Касым Аманжолов, Балқаш, Балкаш сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016