Алматы ауасындай мінезің бар... сөзі

Қасым Аманжолов

0
0

Бөлісу:


Алматы ауасындай мінезің бар,
Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар.
Балқытып аласың да ыстығыңмен,
Артынан тоңдырасың төгіп ызғар.
Соққан соң екі жақтап ыстық-суық,
Барады ақырындап бойым суып.
Айнымай тамылжитын жазым қайда,
Япырай, күз бенен қыс қалды-ау жуық!
Қасым Аманжолов, Касым Аманжолов, Алматы ауасындай мінезің бар..., Алматы ауасындай минезин бар... сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016