Алма бағында сөзі

Қасым Аманжолов

0
0

Бөлісу:


Қылыш, қанжар тағынған
Жетті жігіт ат мініп;
Шықты алма бағынан
Жас келіншек шат күліп.

Жігіт айтад жарына:
«Мен бақытты күзеттім.
Мына алма бағыңа
Сен неше түр гүл ектің?».

Деді сонда келіншек:
«Күттім алма бақтарын,
Жар сүйсініп көрсін деп,
Жүрегімдей сақтадым».

Күн күлімдеп нұр сеуіп,
Жайнай түсті алма бақ;
Екі жүрек бір соғып,
Кетті аралап ән шырқап.
Қасым Аманжолов, Касым Аманжолов, Алма бағында, Алма багында сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016