Алатау сөзі

Қасым Аманжолов

0
0

Бөлісу:


Алатау бұлт асырмай асқарынан,
Тұр қарап туған дала аспанынан.
Асылып Алатауға ай менен күн,
Жарқылдап шұғыла шашқан тастарынан.
Алға алып кең даласы - дастарханын,
Алатау - ашқандай той ақсақалым.
Жаңғыртып жер сарайын ән шырқаймыз,
Ту етіп туған халық жақсы атағын.
Құшақтап Қазақстан астанасын,
Алысқа, Алатауым, көз саласың.
Алатау - айдын дала қариясы
Көтерген төбесіне өз баласын.

1948.
Қасым Аманжолов, Касым Аманжолов, Алатау, Алатау сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016