Жарығым-ай сөзі

Каспий тобы

Жарығым-ай

2
0

Бөлісу:



Жалт етеді бір үміт тайып бері,
Жалынамын жанымды,жайып көп.
Қаным сыймай барады, арнасына,
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп.
 
Қайырмасы:
Жарығым ай, 
Тұман торлап жүзіңе,қалғаны ма ай,
Деуші еді ғой,жалғыздың жары құдай,
Неге тасый береді, қаным ұдай,
Жарығым ай.
 
Қосылғанда екі өзен тасығанда,
Тал қармаймын жағаға асыламда.
Шыңыраудан шыға алмай шыдам кетіп,
Тағдырыма шынымен бас ұрам ба?
 
 
Қайырмасы:
Жарығым ай, 
Тұман торлап жүзіңе,қалғаны ма ай,
Деуші еді ғой,жалғыздың жары құдай,
Неге тасый береді, қаным ұдай,
Жарығым ай.
 
Қорқып тұрам орнымнан,қорқып жатып,
Толқын кетіп барады, толқындатып.
Бәрі келіп тоғысып жүрегімнің,
Жағалауын тебеді солқылдатып.
 
Қайырмасы:
Жарығым ай, 
Тұман торлап жүзіңе,қалғаны ма ай,
Деуші еді ғой,жалғыздың жары құдай,
Неге тасый береді, қаным ұдай,
Жарығым ай.
 
 
Каспий тобы, Каспий тобы, Жарығым-ай, Жарыгым-ай mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

19.10.2015