Гүлдәурен сөзі

Каспий тобы

Гүлдәурен

2
0

Бөлісу:



Асау өмір арнасында,
Шалқып сәби сезімменен.
Он жыл мектеп партасында,
Бірге отырдым өзіңменен.
 
Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да,
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.
 
Елес беріп келешегің,
Қимасына баладың ба?
Қоштасарда неге сенің,
Жас толқыды жанарыңда?
 
Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да,
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.
 
Іңкәр еткен атар таңға,
Қош бол енді бала көктем.
Бізді алыс сапарларға,
Шақырады дала күткен.
 
Қайырмасы:
Сездіруге батпадым да,
Бала махаббатымды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.
Терезенің жақтауына,
Ойып жаздым атыңды.
 
Каспий тобы, Каспий тобы, Гүлдәурен, Гулдаурен mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

19.10.2015