Қаланың адамы сөзі

Қайрат Нұртас , Ғазизхан Шекербеков

2019

0
0

Бөлісу:



Көк жиектен күн шығады шұғылалы
Миллион жұлдыз алдыма келіп жығылады
Хош иіс таңғы кофе құйылады
Кейбіреулер жұмысына асығады
Кейбіреулер көрпесіне тығылады
Себебі түні бойы қыдырады

Көңілі жүрген күйзелісте
Көлігі тұрған кептелісте
Асығыс жан көп айналамда
Мен ғана асықпаймын

[Қайырмасы]
Қайда барады, қайда
Бір сәт аялдамай ма
Қаланың адамы, Қай жаққа барады
Тоқтай алмай

Қайда барады, қайда
Қадам баяуламай ма
Түюлі қабағы
Қалай бақ табады
Тоқтай алмай


Жалыққан соң тіршіліктен бір сарынды
Армандаумен жақынына мұң шағуды
Шыңайы кездесуге асығады
Көктемдей болып күлімдейді, құлпырады
Бірақ, бірақ көздерінде мұң тұрады
Бақыт іздеп жүргенін жасырады

Көңілі жүрген күйзелісте
Көлігі тұрған кептелісте
Асығыс жан көп айналамда
Мен ғана асықпаймын


[Қайырмасы]
Қайда барады, қайда
Бір сәт аялдамай ма
Қаланың адамы, Қай жаққа барады
Тоқтай алмай

Қайда барады, қайда
Қадам баяуламай ма
Түюлі қабағы
Қалай бақ табады
Тоқтай алмай
қайрат, нұртас, кайрат, нуртас, kairat, nurtas, qayrat, qairat, ғазизхан, шекербеков, газизхан, gazizhan, gazizkhan, shekerbekov, Қаланың адамы, Каланын адамы mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

08.11.2019
Қолданушылар