Бақытты жандармыз сөзі

Қайрат Нұртас , Айдана Меденова

2019

13
0

Бөлісу:



Біздер ғашық болғанбыз, сонау бір шақтарда,
Көктем көңіл бұлбұлдай, сайраған бақтарда.
Кеудемізде балауса, бал сезім гүл ашып,
Әппақ арман, ақ шуақ таңдарға ұласып.

Өмір қандай көңілді, тамаша тәтті еді,
Болмаушы еді өкпе, наз, өкініш, әттеңі.
Ойда жоқта белгісіз арамыз ажырап.
Махаббатың жабырқау, жабылды дәптері.


[Қайырмасы:]
Әнді қанат қып самғармыз,
Таңды таңдарға жалғармыз.
Мөлдір сезімнен жаралған,
Біздер бақытты жандармыз.


Кеткен еді мәңгіге арамыз алыстап,
Тұрсын бүгін алдымда, гүл шоғын тағы ұстап,
Өмір-өзен сезімді толқындай шайқаған.
Бөлмесе екен, бұл тағдыр біздерді қайтадан.

[Қайырмасы:]
Әнді қанат қып самғармыз,
Таңды таңдарға жалғармыз.
Мөлдір сезімнен жаралған,
Біздер бақытты жандармыз.

Әнді қанат қып самғармыз,
Таңды таңдарға жалғармыз.
Мөлдір сезімнен жаралған,
Біздер бақытты жандармыз.

Әні: А.Мұхамедиұлы
Сөзі:И.Исаев
қайрат, нұртас, кайрат, нуртас, kairat, nurtas, qayrat, qairat, айдана, меденова, aidana, medenova, Бақытты жандармыз, Бакытты жандармыз mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

25.02.2019
Қолданушылар
Бейнеклип
Қайрат Нұртас
Бақытты жандармыз