Жаздың соңы сөзі

Қайрат Нұртас

Жаздың соңы

18
0

Бөлісу:



Жаздың соңы, жапырақтар жаңбыры,
Ал, жапырақ адамдардың тағдыры.
Сары ағаштан түсіп жатқан секілді,
Сау сау етіп өмірімнің әр күні.


[Қайырмасы]
Мен оны, мен оны, мен оны
Табармын, таппаспын,
Отпенен ойнап, шоқ бастым.
Көрермін, көрмеспін.
Болмайды сендей
Бақытым менің енді ешкім.


Күз келгенде балапанға бас қайғы,
Күз келгенде құстарды ата бастайды.
Қауырсынды жарып өткен жарықша,
Қабырғамның арасында қақсайды.


[Қайырмасы]
Мен оны, мен оны, мен оны
Табармын, таппаспын,
Отпенен ойнап, шоқ бастым.
Көрермін, көрмеспін.
Болмайды сендей
Бақытым менің енді ешкім.


Бұл өлеңді айтып тұрмын біз жайлы,
Бұл өлеңді айтып тұрмын сіз жайлы.
Жете алмаған армандарым менің де,
Қабырғамның арасында сыздайды.


[Қайырмасы]
Мен оны, мен оны, мен оны
Табармын, таппаспын,
Отпенен ойнап, шоқ бастым.
Көрермін, көрмеспін.
Болмайды сендей
Бақытым менің енді ешкім.
қайрат, нұртас, кайрат, нуртас, kairat, nurtas, qayrat, qairat, Жаздың соңы, Жаздын соны mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Anonymous

09 Қараша 2016

жаксы ан

Admin

Сөзін түзеткен

25.01.2017
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Қайрат Нұртас
Жаздың соңы