Жаралы жанның әні бұл сөзі

Қайрат Нұртас

Жаралы жанның әні бұл

27
0

Бөлісу:



Бұл менің жырым толғаған,
Ақпанда соққан борандай
Өкінбес сірә, бар ма адам
Өзегі мұңға оранбай.
 
Қиялмен арман жалғаған
Еркелеп елге ән арнай
Бұл менің жолым таңдаған
Бақытқа бастап барардай
 
[Қайырмасы:]
Жаралы жанның әні бұл
Желбіреп туым әлі тұр
Күндестік дейтін қоңырау
Соңымнан еріп әлі жүр
Жаралы жанның әні бұл
Сынағы шығар әрі бұл
Сабырмен күтіп соңында
Жеңемін бәрін бәрібір
 
Бұл менің сырым ақ қардай
Ақпанда жауған мен үшін
Оралмайм(ын)өткен шақтарға-ай
Арқалап арман жемісін
Қайратым тасып жатқандай
Ақ жүрек АНА сен үшін
Жарқ етем әлі ақ таңдай
Жеңілгендерім - жеңісім!
 
[Қайырмасы:]
Ақ жүрек жанның әні бұл
Желбіреп туым әні тұр
Асулар алар алдымда
Баспалдақ өмір әлі бұл
Тілегін айтар ел барда
Жүрегім айтар әлі жыр
Жаратқан Ием сен барда
Жеңемін бәрін бәрібір.
қайрат, нұртас, кайрат, нуртас, kairat, nurtas, qayrat, qairat, Жаралы жанның әні бұл, Жаралы жаннын ани бул mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Сымбат Марданбай

24 Наурыз 2017

маган унады

Admin

Сөзін түзеткен

17.04.2016
Қолданушылар

GM