Сені ойлай сөзі

Қайрат Нұртас

2012

6
1

Бөлісу:



Алыстап кетіп жаныңнан
Көзімнен моншақ ағады
Еседі бұл күн бағымнан
Сағынышымның самалы
Тербетіп әннің бесігін
Әлдилеп сені отырмын
Көңілден кетпес сезімін
Кеудемді мұңға толтырған  
 
Қайырмасы:      
Сені ойлай ойлай ойлай    
Қиял теңізіне баттым    
Суретіңне қарап тоймай    
Жүрегімді үнсіз жұбаттым  
Сені ойлай ойлай ойлай    
Қиял теңізіне баттым    
Суретіңне қарап тоймай    
Жүрегімді үнсіз жұбаттым  
 
Аққудай сынар жүрегім
Мекендеп мұңның айдынын
Сезімнің іздеп жүремін
Кезіксен құшақ жай күнім
Әнімді жалғап тандарға
Өмірде келем төзумен
Аңсаған аппақ арманға
Жетер ме ем жаным өзіңмен
 
Қайырмасы:      
Сені ойлай ойлай ойлай    
Қиял теңізіне баттым    
Суретіңне қарап тоймай    
Жүрегімді үнсіз жұбаттым  
Сені ойлай ойлай ойлай    
Қиял теңізіне баттым    
Суретіңне қарап тоймай    
Жүрегімді үнсіз жұбаттым  
Жүрегімді үнсіз
Жүрегімді үнсіз жұбаттым
Сені ойлай...
қайрат, нұртас, кайрат, нуртас, kairat, nurtas, qayrat, qairat, Сені ойлай, Сени ойлай mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2012
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

14.08.2016
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Қайрат Нұртас
Сені ойлай