Әдемі-ау сөзі

Қайрат Нұртас

Әдемі-ау

6
1

Бөлісу:



Бұл-бұл құс туған жерден гүл іздейді
Күдерін құштарынан бір үзбейді
Келесің гүл боп, еркем, көз алдымда
Өзіңді мен іздемей кім іздейді
 
Арына махаббатың шырай керек
Шын сүйген азабына шыдайды көп
Ән айттым арнап саған ұнай ма деп
Әдемі-ау, мені сүйсең мұңайма тек
 
[Қайырмасы:]
Арманымның нұры
Ақындықтың сыры
Жүрегімнің жыры, Әдемі-ау
Көңілімнің сазы
Өмірімнің жазы
Қайда жүрсің, Әдемі-ау
 
Өзің ғой өміріме сән берген де
Дүниеде саған ару тең келген бе?
Сәулем-ау, сен келесің көз алдымда
Ақ қайың самал желмен тербелгенде
 
Жас жаным сені аңсамай төзе алар ма,
Өзгелер сені мендей сезе алар ма?
Ақ толқын жағалауға асыққанда
Айым-ау, сен келесің көз алдыма.
қайрат, нұртас, кайрат, нуртас, kairat, nurtas, qayrat, qairat, Әдемі-ау, Адеми-ау mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Арман маратов

18 Маусым 2016

АДЕМИ АУ

әсийя

21 Маусым 2016

тамаша

Admin

Сөзін түзеткен

17.04.2016
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Қайрат Нұртас
Әдемі-ау