Қыздарға әсемдік жарасады сөзі

Қайрат Нұрғазин

Қыздарға әсемдік жарасады

0
0

Бөлісу:


1.Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз ару әйел,
Табысып ер кімдермен,жарасады.
Қ-сы:
Өрімтал,көркем сұлу мүсін,
Көргенде қайран қап,күйуің шын.
Мың ақын жырласа,тіл жетпейтін,
Бұл қыздар жаралған тек,сүйу үшін.

2.Қана алмас құмарың, қарасаң да,
Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да.
Жердегі аруға жетер емес,
Аспанның мың жұлдызын,баласаң да.
Қ-сы:
Жүздірер жүректі нұрлы үмітте,
Басыңа қоятын мұңды үйіп те.
Арман мен қиялдан жаратылған.
Қыз ару қалар мәңгі,сол биікте.

3.Шалқытып шаңырағын тамашаның,
Бақытын от басының,жар ашады.
Тірліктің түп мәні ұрпақ деген,
Аруға ана болу жарасады.
Қ-сы:
Көктегі ай күндей дара тұлға,
Қыз десе дүние дала тұнған.
Қазақтың намысы,ару қыздар,
Мәңгі өлмес арман жырдан,жаратылған.
Қайрат Нұрғазин, Кайрат Нургазин, Қыздарға әсемдік жарасады, Кыздарга асемдик жарасады сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

23.01.2016