«Айгөлекті» билейік сөзі

Қ. Смағұл ә. Н. Дүкенбай

«Айгөлекті» билейік

0
0

Бөлісу:


Еркін елдің ұл-қызы,
Жарқыраған жұлдызы.
Би билейміз бәріміз,
Айдай толқын нұр жүзі.


Қайырмасы:
Біз балдырған баламыз,
Оқып білім аламыз.
«Айгөлекті» билесек,
Бақытты, шат боламыз.



Жадырасын бойымыз,
Өркендесін ойымыз.
Би билейік келіңдер,
Қызсын кештер, тойымыз.


Қайырмасы:
Біз балдырған баламыз,
Оқып білім аламыз.
«Айгөлекті» билесек,
Бақытты, шат боламыз.



Тыңдасын жұрт жан салып,
Тыңдай қақсын тамсанып.
Көтереміз көңілді,
«Айгөлек» деп ән салып.


Қайырмасы:
Біз балдырған баламыз,
Оқып білім аламыз.
«Айгөлекті» билесек,
Бақытты, шат боламыз.

Қ. Смағұл ә. Н. Дүкенбай
Қ. Смағұл ә. Н. Дүкенбай, К. Смагул а. Н. Дукенбай, «Айгөлекті» билейік, «Айголекти» билейик сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015