Сөзі
Өмір деген ғажайып бір әлем
Махаббатпен жайқалып гүлдеген
Тәңірімнен бағыт сұрар ем
Міне бүгін сол бақта гүлдеп ем
Жүрегім толы шаттықтың үні
Мұң менің досым болмайды ешбір
Тербейді жанды ғашықтық сыры
Не деген тәтті жайнаған өмір
Қайырмасы
Құшағында гүлдер гүлдер
Әр таңым менің аппақ нұр ел
Ай жұлдызды түндер түндер
Еркелетіп мені сезіміме сенде
Армандарым көңілде бүр жарған
Адастырмай жетелейді алға
Өнердің оты шырақ боп жанған
Сыйлайды ляззат қуаныш жанға
Көркіңдей көркем тамаша ғұмыр
Жапырақ жайды бағыма менің
Жалындай берші тоқтама өмір
Кел дейін сазыңа сенің
Қайырмасы
Құшағында гүлдер гүлдер
Әр таңым менің аппақ нұр ел
Ай жұлдызды түндер түндер
Еркелетіп мені сезіміме сенде
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).