Асылым сөзі

І. Жақанов

Асылым

0
0

Бөлісу:


Толқын ойнап көлдің бетін желдетті
Көктем келді нөсерлетті селдетті
Көрдім дағы найзағайдың жасылым
Сені ойладым жарқылдаған асылым


Жаз да шықты жердің жүзін жайнатты
Тау тойға бұлбұлдарын сайратты
Зорға басып жүрегімнің тасуын
Сені ойладым келеді деп асылым
Зорға басып жүрегімнің тасуын
Сені ойладым келеді деп асылым


Кұстар қайтып алыс алыс жақтарға
Гүлдер солып қырау түсті бақтарға
Сары күзде сарғайдым да жасыдым
Сені ойладым аңқылдаған асылым


Бәрі де өтті қыс та қайта оралды
Дала мүлгіп ақ көрпеге оранды
Ғашықтарда сыр болмайды жасырын
Мен сендікпін біл осыны асылым
Ғашықтарда сыр болмайды жасырын
Мен сендікпін біл осыны асылым
Мен сендікпін біл осыны асылым

І. Жақанов
І. Жақанов, И. Жаканов, Асылым, Асылым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015