Жылама жүрек сөзі

Ғалымжан Молданазар, Әсем

2015

0
0

Бөлісу:



Айтатын қалмады сөзім,
Шыдайтын қалмады төзім.
Жауапсыз жалған бұл сезім,
Жетті ғой менің де көзім.
 
Қан жылап жүрек қалған -ай,
Тұнжырап сезім солған-ай,
Ұзамай сол бір сезімнің 
Қанаты талып қалған-ай.
 
Сыздайды жүрек
Сезімім жүдеп,
Қинайды мені
Кеудемді кернеп.
Зулайды қаным
Өзекті өртеп,
Күйіп барамын
Сезімге шөлдеп. 
 
Таба алмай сезімнің сырын
Біле алмай жанымның жырын
Қайтейін қалмай амалым
Үзілді үмітім менің.
 
Қан жылап жүрек қалған-ай
Тұнжырап сезім солған-ай
Ұзамай сол бір сезімнің 
Қанаты талып қалған-ай
 
Сыздайды жүрек
Сезімім жүдеп,
Қинайды мені
Кеудемді кернеп.
Зулайды қаным
Өзекті өртеп,
Күйіп барамын
Сезімге шөлдеп.
Ғалымжан Молданазар, Әсем, Галымжан Молданазар, Асем, Жылама жүрек, Жылама журек mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2015
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

29.10.2016
Қолданушылар

GM