Жазған жырым сөзі

Ғафу Қайырбеков

0
0

Бөлісу:


Жазған жырым, - жалғыз далам,
өзге емес,
Қырымда да, Хиуада да көзге елес.
Елімді мен еркіндіктей сағынып,
Өз-өзіммен құрдым ылғи сөз - кеңес.

Елім менің - сенсіз менде хәл қандай,
Елегзимін - есіл көңілім жалғанбай,
Алыста бір ана айқайы естіліп,
Алыста бір балам жылап қалғандай.

Жібімейді тас кеудемде жыр қатып,
Алтын аңғар, сені көрмей бір балқып,
Қош, көңілге хоштық берген, қош
Қырым,
Қайттық елге, қамшыңды ұста,
жүр, Бақыт.
Ғафу Қайырбеков, Гафу Кайырбеков, Жазған жырым, Жазган жырым сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016