Азаттық жыры сөзі

Есжан Әміров

Азаттық жыры

1
0

Бөлісу:


Түн түрілді, күн күлімдеп,
Гүл көктеді, жұрт дүрілдеп.
Көк(і)регімді ашып тұрмын,
Ұлы қазақ ұлтымын деп!


Алтын құрсақ Алаш елім,
Көк бөрінің балас(ы) едің.
Ғаламзаттың ғажайыбы,
Адамзаттың дарас(ы) едің сен.


Қайырмасы:
Алашым дарасың әнім де сен, дастаным да.
Жырдың жері, нұрдың елі, шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарытап ұш аспанымда сен!



Жырлап тұрмын сүйіне де.
Көңілімнің күйі неде?
Он-ақ жылда олжа салдың
Осынау кең дүниеге...


Қайта түлеп халық тағы,
Алдында – нұр, жарық бәрі.
Адамзаттың көшіне еріп,
Азаттықпен шарықтадың - Сен!


Қайырмасы:
Алашым дарасың әнім де сен, дастаным да.
Жырдың жері, нұрдың елі, шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарытап ұш аспанымда сен!



Жасандырар жасыл жерді,
Бас имеймін жасынға енді,
Еркін ойлы егеменді,
Ерен туған нәсіл келді!


Жайнатты да нұр тағынды,
Қырқа белің гүл тағынды.
Ата-баба, әруағыңмен,
Жебе осы ұрпағыңды – Сен!


Қайырмасы:
Алашым дарасың әнім де сен, дастаным да.
Жырдың жері, нұрдың елі, шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарықтап ұш аспанымда сен!
Шарытап ұш аспанымда сен!

Есжан Әміров
Есжан Әміров, Есжан Амиров, Азаттық жыры, Азаттык жыры сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

28.10.2015