Сағындым сені сөзі

Ескендір Хасанғалиев

Сағындым сені

0
0

Бөлісу:


Сағындым сені, сағындым еркем
Қызғалдақ толы көктемде
Сағындым еркем, сазымен көркем
Қаңқылдап қаздар өткенде
 
 
Қайырмасы:
 
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған ән болып
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған таң болып
 
 
Қайда сен жүрсің, аяулым еркем
Нұрлы жаз күліп жеткенде
Өзіңе арнап ән-күйді шертем
Сағыныш сазы көп менде
 
 
Қайырмасы:
 
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған ән болып
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған таң болып


Ескендір Хасанғалиев, Ескендир Хасангалиев, Сағындым сені, Сагындым сени сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

19.10.2015
Бейнеклип
Ескендір Хасанғалиев
Сағындым сені