Сағындым сені сөзі

Ескендір Қасанғалиев ft. КешYou

Сағындым сені

1
0

Бөлісу:


Сағындым сені, сағындым еркем
Қызғалдақ толы көктемде
Сағындым еркем, сазымен көркем
Қаңқылдап қаздар өткенде
 
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған ән болып
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған таң болып
 
Қайда сен жүрсің, аяулым еркем
Нұрлы жаз күліп жеткенде
Өзіңе арнап ән-күйді шертем
Сағыныш сазы көп менде

Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған ән болып
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған таң болып

Іздедім сені, саялы күзде
Іздедім қыстың кезінде
Сандуғаш үнді, қарақат көзді
Нағыз еркем бүгінгі
 
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған ән болып
Сағындым сені, аяулым
Келсеңші маған таң болып
Ескендір Қасанғалиев ft. КешYou, Ескендир Касангалиев ft. КешYou, Сағындым сені, Сагындым сени сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

30.10.2015
Бейнеклип
Ескендір Қасанғалиев ft. КешYou
Сағындым сені