Анаға сәлем сөзі

Ескендір Хасанғалиев

Анаға сәлем

1
0

Бөлісу:


 
 
Мереке күніңмен
Қарсы алам өзіңді
Сәбилік үніммен
Арнаймын сөзімді
 
Қайырмасы:
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
 
Бөбегің оянса
Ұйқыңнан мың тұрдың
Гүліңмен балауса
Көктемдей құлпырдың
 
 
Қайырмасы:
 
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
 
Аялап алақан
Әлпештен өсірген
Аяулы жан анам
Қатемді кешірген
 
 
Қайырмасы:
 
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған
 
Сырымды ұғатын
Өзіңсің қуатым
Күнімсің шығатын
Айымсың туатын
 
 
Қайырмасы:
 
Көргенше алаңмын
Аңсаймын, толғанам
Қабыл ал балаңның
Сәлемін жолдаған


Ескендір Хасанғалиев, Ескендир Хасангалиев, Анаға сәлем, Анага салем сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Қонақ

03 Наурыз 2016

ән айткым келеді

GM

Сөзін қосқан

19.10.2015