Мен, мен едім, мен едім сөзі

Есет би

0
0

Бөлісу:


Мен, мен едім, мен едім!
Қатарға салсаң, қайыспас
Қас қара нар мен едім,
Шабуыл салса шаршамас
Шыны тұлпар мен едім.
Су шашырап, жел тимес,
Аударылмас қара кеме едім.
Қасарысып келгенде,
Қап түбіне сыймаған
Қара болат мен едім.
Қияннан ұшқан қу ілген
Анық сұңқар мен едім.
Тегеурінім теріс біткен,
Тепсем, жілік сындырған
Қыран бүркіт мен едім!
Есет би, Есет би, Мен, мен едім, мен едім, Мен, мен едим, мен едим сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016