Күлкі мен ұйқы сөзі

Есенбай Дүйсенбайұлы

0
0

Бөлісу:


Көпшігімді көрген жоқ қиқым басып,
Мені арбаған Жыр деген сиқыр ғашық.
Көңілінен мен соның шығамын деп,
Күлкім қашып кетіпті, ұйқым қашып.
Аша алмай-ақ сиқырдың құлыптарын,
Қайнай-қайнай таусылды тұнық қаным.
Бұл жасымда күлкімнің қашқаны жөн,
Қалай болар ұйқымды ұмытқаным?..
Қала жайлап, қаламмен түзге көшем,
Қара өлеңнен күдерің үзбе де сен...
Қашқан күлкі соңынан жүгірмеймін,
Болар емес ұйқымды іздемесем!
Есенбай Дүйсенбайұлы, Есенбай Дуйсенбайулы, Күлкі мен ұйқы, Кулки мен уйкы сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016